Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан 95-орынды иеленеді

248

Британиялық Сable сайты интернет сапасы мен жылдамдығы бойынша елдердің рейтингін жариялады.

Зерттеу барысында сарапшылар 12 ай ішінде 200-дей ел мен аймақта орташа жылдамдықпен бес гигабайттық фильмді жүктеу үшін қанша уақыт жұмсалатынын есептеп шығарды.Нәтижесінде жыл бойы әлемдегі интернет қосылымның жылдамдығы 23 процентке өсім көрсеткен. Сонымен интернет жылдамдығының рейтингісі бойынша Қазақстан 95-орынға тұрақтады. Бірінші орында Сингапур болса Швеция мен Дания екінші және үшінші орында тұр.

Төртінші орында Норвегия, келесіде  Румыния, Бельгия, Нидерланды, Люксембург және Венгрия тұрақтаған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *