Бас прокуратура Мұхтар Әблязовты жауап алу үшін шақырды

457

Қазақстанның Бас прокуратурасы Мұхтар Әблязовты жауап алу үшін шақырды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бас прокуратура аса ауыр қылмысты жасау фактісі бойынша М.Қ. Әблязовқа қатысты қылмыстық істі тергеуде. Тергеу барысында Е.Н. Тәтішевті қасақана өлтіруді ұйымдастыруда күдіктінің әрекетін құқыққа қарсы деп бағалайтын дәлелдер табылды.

«Алайда, М.Қ. Әблязовтың Қазақстан Республикасы аумағынан тыс болуына және келуден жалтаруына байланысты Бас прокуратураҚПК 205-бабы 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, күдіктіні жауап алуға шақыру туралы хабарландыруды еліміздегі және Әблязовтың орналасқан жері Франциядағы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялайды», — делінген хабарламада.

«Күдікті Әблязов Мұхтар Қабылұлы, Сізге 2018 жылғы 16 тамыз сағ. 15:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 14 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкімшілік ғимараты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көмекшісі – жедел-тергеу тобының басшысы Бекжан Ермұханбетұлына келу қажет.

Тергеу әрекеттеріне қатысу үшін күдікті қорғаушыны өз еркімен шақыра алады немесе күдіктінің өтінуі бойынша қорғаушының қатысуын қылмыстық процестi жүргізетін орган қамтамасыз етедi (ҚР ҚПК 68-бабы).

Егер қорғаушы күдіктімен немесе оның заңды өкілімен, сондай-ақ олардың тапсырмасы бойынша басқа да тұлғалармен шақырылмаған жағдайда қорғаушыны қатыстыру қылмыстық процестi жүргізетін орган қамтамасыз етедi (ҚР ҚПК 67-бабы).

Шақырылған мерзімде келуге кедергі болған жағдайда, сондай-ақ прокурорға немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлғаға қорғаушымен қамтамасыз ету туралы өтініш хат беру туралы ой болған жағдайда күдіктіге болмаса оның мүддесін белгіленген тәртіппен көздейтіндерге қылмыстық қудалау органын алдын ала ескерту қажет»,-деп шақыртуда көрсетілген.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *