ММА-дан Қазақстан құрамасы V Азия чемпионатында топ жарды

183

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қытайдың Харбин қаласында ММА Бүкіләлемдік Қауымдастығының тұжырымдамасы бойынша ММА-дан V Азия чемпионаты» тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті. 

27-29 шілде аралығында Қытайдың Харбин қаласында ММА Бүкіләлемдік Қауымдастығының тұжырымдамасы бойынша ММА-дан V Азия чемпионаты өтті. Ерекше ауыз толтырып айтарлық жайт, Азияның ең мықты ММА шеберлерінің басын қосқан бұл дүбірлі додада Қазақстанның ұлттық құрамасы топ жарып, командалық есепте жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшылар барлық он салмақ дәрежесінде сынға түсіп (8 ер, 2 әйел) 3 алтын, 5 күміс пен 1 қола алқаны еліміздің қоржынына салды.

Нұржамал Садықова (әйелдер арасында 52 кг дейінгі салмақ дәржесінде), Аслан Ораз (70.3 кг дейінгі салмақ дәржесінде), Нұрнияз Қошбаев (+93 кг салмақ дәржесінде) қарсыластырын ойсырата ұтып, чемпион атанса, Ақбөбек Ерғалиева (әйелдер арасында 61 кг дейінгі салмақ дәрежесінде), Талғат Жұмағалиев (56.7 кг дейінгі салмақ дәржесінде), Дастан Амангелді (61.2 кг дейінгі салмақ дәрежесінде), Нұрбек Қабдырахманов (65.8 кг дейінгі салмақ дәрежесінде), Мұрад Абдурахманов (93 кг дейінгі салмақ дәржесінде) күміс алқаны иеленді. Ал, қола медальді Думан Балмұханов (84 кг дейінгі салмақ дәрежесінде) қанжығасына байлады.

Жалпы командалық есепте Қытай елінің спортшылары екінші орынды иеленіп, қырғыстандық ММА шеберлері үшінші орынды еншілесе, Қазақстан құрамасы суырылып алға шығып, бұл мықтылар үштігінде көш бастады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *