«Барыс» автокөлік базарында көшпелі «автоцон» жұмыс істейді

443

 4-5 тамыз, яғни демалыс күндері Алматыдағы «Барыс» автокөлік базарында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары қызмет көрсететін болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлайды.

Азаматтарды «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше қызмет алуға үйрету мақсатында автокөлік иелері ЭЦҚ жазып алу, мобильді үкіметке тіркелу, айыппұл, салық берешектерін тексеру және төлемдер жасау, «Жүргізуші куәлігін онлайн алу», «Көлік құралын онлайн тіркеу» мемлекеттік қызметтерін алу процестерін үйренеді және осы қызмет түрлерін ала алады.

Барлық автокөлік иелеріне мемлекеттік қызмет алу бойынша ақпараттық парақшалар таратылады. Шара барысында БАҚ өкілдеріне корпорация мамандары автокөлік иелеріне тиімді болу үшін енгізілген жаңашылдықтар жайлы айтып, онлайн қызметтерді алу жолдарын кезең-кезеңімен түсіндіріп, цифрлық қызметтердің артықшылықтарын көрсетеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *