Ұшты, ұшты доллар ұшты!

321

Доллар бағамының ресми құны 349, 44 теңге болды. Ал ол валюта ауыстыру пункттерінде 352 теңгемен сатылып жатыр. Доллар құнының шарықтауына байланысты әркім әртүрлі болжам айтуда. Бас банкир Данияр Акишевтің өзі қазір демалыс уағында доллардың күрт өсуін заңдылыққа балап отыр. Күзге қарай теңге өз позициясын қайта күшейтеді деген пікір айтқан ол. Алайда, мұнай бағасы мен Ресейдің рублінің құнына тәуелді доллардың 500 теңгеге дейін жетуі мүмкін деген болжамдар да бар.

www.tengrinews.kz сайтының болжамы бойынша доллардың рубльге шаққандағы құны 80-90 рубльге дейін шарықтаса, онда доллардың теңгеге шаққандағы құны 400-420-ға дейін жетіп қалуы әбден мүмкін. Қаржы сарапшысы, «Альпари» сараптама департаментінің орынбасары Наталья Мильчакова егер АҚШ Конгресі Ресейге жаңа санкциялар салатын болса, бұл сценарийдің жүзеге асуы әбден мүмкін деген пікірде. Алайда ол бұл сценарийдің жүзеге аса қоюы екіталай деген пікірін де жоққа шығармады. Өйткені санкцияның бұл түрі тек Ресей экономикасына ғана әсер етпейді, сонымен қатар, АҚШ экономикасын да тұралатуы мүмкін.

Назарларыңызға доллардың Шілде айындағы динамикасын ұсынып отырмыз!

Есен Байнұр.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *