Демалыс күндері күн ыстық болады

342

Алдағы демалыс күндері елімізде күн ыстық болады деп болжанды.

«Қазгидромет» РМҚ 4-6 тамызға арналған ауа райы болжамында кей өңірлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауатыны мәлім етілді.

Солтүстікте екпіні күшті жел соғады.

Температураның негізгі фоны 25-30, оңтүстікте және батыста 33-38 градусты құрайды.

Республиканың  солтүстік және солтүстік-батыс өлкесінде жылудың толқыны күтіледі.

Ауа райы болжамы бойынша  5 тамыздан бастап температура 25-32 градус ыстықты көрсетеді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *