Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған қазақстандық танымал тұлғалар атпен жүру жарысына қатысты

585

Өткен сенбіде Алакөл ауданының Лепсі ауылына республикалық деңгейдегі атпен жүру жарысына қатысушылар  жиналды. Олар 1 500 метр биіктікте орналасқан Жамантас жайлауына дейін Жоңғар Алатау тауларының шатқалдарымен 50 км қашықтықта атпен жүріп өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қатысушылар арасынан ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы облысының әкімі Жақсылық Омаров, Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев, «Қазмұнайгаз» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев, кәсіпкер, меценат «Zhersu» инвестициялық-өндірістік қадағалау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов, кәсіпкер Эдуард Ким, грек-рим және еркін күрес бойынша Қазақстан федерациясының вице-президенті Ерлан Кожасбай, сондай-ақ 2004 жылғы бокс бойынша олимпиада чемпионы, Вэла Баркер Кубогының иегері, Astana Arlans бокс клубының бас менеджері Бахтияр Артаев, боксшы Қанат Ислам, 2008 жылғы грек-рим күресінен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев сынды атақты спортшылар қатысты.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің құттықтау сөзінде мұндай саяхатқа шығудың мақсаты – ежелгі ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін көпшілік қауымға және шетелдіктерге кеңінен таныстыру екенін айрықша атап айтты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *