Үкімет те, парламент те, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да дизельдік отын бағасын арзандату мәселесін шешуге қауақары жоқ

474

Қазақстан фермерлерін егін жинау науқаны қарсаңында дизельдік отын жағдайы алаңдатады. Мәселені шешуге Мемлекет басшысының кірісетін кезі келді, өйткені үкімет те, парламент те, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да дизельдік отын бағасын арзандату мәселесін шешуге қауақары жоқ деп санайды Қазақстан фермерлер одағы.

«Біз мәселені түпкілікті әрі жүйелі түрде, үкіметтік деңгейде шешу қажет деп санаймыз. Ауыл шаруашылығы үшін нақты мұқтаждықты есептеу қажет, өйткені арзандатылған деген аты болмаса, бірақ затына сай емес 370 мың тонна отын – бұл нақты мұқтаждықтан екі-үш есе аз. Бұл жерде мал шаруашылықтарына, өсімдік шаруашылықтарына, азық өндірістеріне арналған көлемдер ескерілмеген. Бұдан бөлек, егін егу мен егін жинауды қоспағанда, егістікте сүдігер, қар ұстау, химиялық өңдеу және тағы басқа технологиялық операцияларға да солярка қажет. Бізден өндіріс тиімділігін, жоғары өндірімділікті талап етеді, бірақ бүкіл тиісті технологияны сақтау тіптен мүмкін болмай отырғанда, оған фермер қалайша қол жеткізеді!? Ал әрбір осындай операцияны жасамау – бұл бір гектардан 2-3 центнер жоғалту. Нарық және тағы сондай-сондай деген ақталулар – мұның бәрі қулық, бұл абсурд, бұл басты саланың жанды мәселесін шешуге жоғарғы мемлекеттік менеджерлердің қабілетсіздігі. Ауыл шаруашылығындағы істердің жағдайына бүкіл ауылдың өмірі байланысты, яғни бұл елдің жартысының проблемасын шешуден ығысу» — деп санайды Ақмола облысының шағын шаруа қожалығының басшысы Сергей ЕРИН.

Фермердің айтуынша, бүгін операторлар, әсіресе көңілге тиетіні – шенеуніктер, фермерлер арзандатылған отынды толық емес, оның тек 90-95 пайызын ғана алып кетеді деп фермерлерді кінәлі еткісі келеді. Сондықтан, үлкен көлемдерді арзандатудың қажеті деп жоқ санайды. Негізінде «ойын қағидасы» алдын ала осылай ұйғарылған, яғни фермер бәрібір ұтылады дейді Ерин. Атап айтқанда, мемлекеттің үнсіз келісімімен операторлар фермер өзінің көлемін 1 маусымға дейін алып кетуі тиіс деген талап қояды. Аграршы несие рәсімдеп жатқанда, мерзім өтіп кетеді. Түптің түбінде фермердің өзі кінәлі, ол сол шенеуніктердің өзі ұйымдастырған бюрократия салдарынан несиені уақтылы рәсімдеп үлгермеді. Тұйық тығырық, бұл тығырықтан түпкілікті шығу мүмкін емес.

«2016 жылғы егін жинау кезінде бір литр солярка 92,4 теңге тұрды, 2017 жылы 127 теңгеге дейін көтерілді, ал 2018 жылы 161,8 теңге болып отыр. Яғни соңғы екі жылда солярка құны 171 пайызға артты. Бұл ретте, дизельдік отын өнімнің өз құнының 17-ден 25 пайызға дейінгі үлесін алады. Сонымен қатар, 2016 жылы қант қызылшасының бір тоннасы 17 000 теңге болатын, биыл да осы бағада. Және бұл тек соялрка ғана, оған қоса артық бөлшектер, химия да қымбаттады, жұмысшылардың еңбекақысын да көтеру қажет. Сондықтан, мемлекеттің кірісуісіз, бұл мәселе шешімін таппайды», — деп фермерлердің сөзіне қосылады олардың оңтүстіктегі әріптесі, Қазақстан фермерлер одағының Алматы өкілдігінің төрағасы Ақшабай КЕРІМБЕКОВ.

Саланы дамыту үшін, солярка мен бидай бағаларының тепе-теңдігі немесе ара қатынасы 1/3 болуы тиіс, яғни бір тонна отынның құны бір тонна бидай құнынан үш еседен артық болмауы тиіс деп санайды Қазақстан фермерлер одағы. Мұндай ара қатынас тіпті 90-шы дадғарыс жылдарында да болған. Бүгін тұрақтылық пен өркендеу жылдарында бәсекелестік рейтингі бойынша еліміздің әлемнің 50 үздік елі қатарына шарықтау қарсаңында ел фермерлері тізерлеп отыр, өйткені бір тонна солярканың құны бір тонна бидай құнынан 4 есе қымбат.    

Әлихан КЕНЖЕ

«Қазақстан фермерлер одағы»ның баспасөз қызметі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *