Қазақстандық әнші Сая Сейтімова халықаралық «Пироговский рассвет» байқауының жеңімпазы

89
Биыл осымен сегізінші рет дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырған «Пироговский рассвет» халықаралық эстрадалық орындаушылар байқауында бас жүлдені қазақстандық әнші Сейтімова Сая Махамбетқызы ұтып алды. Байқауға Куба, Франция, Украина, Армения, Болгария, Өзбекстан, Қазақстан, Польша, Чехия, Беларусь және Ресей секілді 11 елдің талантты өнерпаздары қатысты.
Халықаралық байқаудың жеңімпазын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы құттықтады. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әншісі, Мәскеу қаласында өткен «Пироговский рассвет» халықаралық эстрадалық орындаушылар конкурсында Бас жүлде ұтып алған Сейтімова Сая Махамбетқызы,  байқауда үздік атанып келуіңізбен шын жүректен құттықтаймын.  Сізге зор денсаулық, шабыт, жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!»- деді министр өзінің құттықтауында.



Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *