Атырау облысында браконьерлерден екі жылда 600 -ден астам көлік құралы тәркіленді

614

Соңғы екі жарым жыл ішінде браконьерлерге қатысты 4000-нан астам құқықбұзушылық анықталып, 58 заңсыз балық аулаушының үстінен 35 қылмыстық іс қозғалған. Браконьерлерден жалпы сомасы 125 млн теңге шығын өндірілді, — деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ҚР АШМ Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы Данияр Баймагамбетовтің айтуынша, барлық құзырлы органдардың бірлескен жұмыстары нәтижесінде браконьерлікпен күрес кең көлемде жүргізіліп келеді.

-Соңғы екі жылда қолданылған шаралар нәтижесінде браконьерлікпен күрес күшейді, мысалы 2014-2015 жылдары 14 қылмыстық іс қозғалса, 2016-2017 жылдары 35 болды. Соңғы екі жылда заңсыз балық аулаушылар 125 млн теңге шығынды өтеді, 2014-2015 жылдары – 33 млн теңге болған еді, — дейді Данияр Баймағамбетов. – 2016-2017 жылдары 11 мың балық аулау құралын, 600 жүзу және көлік құралдарын тәркіледік, мысал үшін 2014-2015 жылдары – 8500 аулау құралы мен 367 көлік құралы тәркіленген еді.

Күзгі балық аулау маусымында балық аулау кооперативтеріне берілетін лимиттің игерілуіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Балық қабылдау бөлімшелері қатаң қадағаланады. Осы шаралар балық шаруашылығы субъектілерінің квотаны игеру мөлшерін 87,3 пайызға дейін арттыруға ықпал етті, бұл соңғы 8 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *