Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрі болып тағайындалды

255

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарған, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Жарлыққа Қазақстан Президенті қол қойды. Нұрлан Ермекбаев 2016 жылдан бері Қорғаныс министрлігін басқарып келген Сәкен Жасұзақовты алмастырды.

Нұрлан Ермекбаев 2018 жылдың көктемінде Президент көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған.

Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы 1963 жылы 1 қаңтарда Шымкент қаласында туған.

КСРО Қорғаныс министрлігінің Қызыл Тулы Әскери институтының шығыстілдері факультетін (Мәскеу, 1986) «Қытай және ағылшын тілдері» мамандығы бойынша үздік; Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін (1996) инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Саяси ғылымдарының кандидаты.

«Қазақстан және әлем елдері» кітабының (2006), ондаған мақаланың тең авторы.

Қазақ, орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерін біледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *