Сәкен Жасұзақов жаңа қызметке тағайындалды

478

Бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жаңа қызметке келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Жасұзақов Сәкен Әділханұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды», — делінген Ақорданың хабарламасында.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Рыспаев Асхат Наурызбайұлының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметінен босатылғаны айтылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *