Шелек фермерлерінің өнімдері енді үлкен сауда нүктелерінде қолжетімді болады

96

«Шелек фермерлері» Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі («Шелек Фермерлері») республикалық супермаркет желілеріне көкөністер жеткізілімінің басталуы туралы хабарлады. Биылдан бастап аталған кооператив өнімдерінің Алматыдағы «Арзан» супермаркеттері желісінде ғана емес, сондай-ақ, Алматы, Астана, Павлодар және Өскемен қалаларындағы METRO СО-да қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

                  

Осы маусымда «Шелек Фермерлері» 212 тонна көкөністі, соның ішінде Metro Cash&Carry сауда желісіне 52 тонна қызанақ — жылыжайда өсірілген, қызғылт жаңа, қызыл жаңа және черри сұрыптары; 50 тонна бұрыш — қарлығаш, мазурка, ред джет, бағдаршам, болгар қызыл және жасыл бұрышы, жартылай ащы, ащы чили; 44 тонна қияр, соның ішінде корнишондар; 36 тонна екі сұрыпты баялды — алмас және қара ханзада; 30 тонна картоп және алма, қарбыз мен құлпынай секілді басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді жоспарлап отыр.

«Біздің компаниямыздың миссиясы – бизнес үшін үздік әріптес атану. METRO қызмет ететін барлық 25 елде біз шағын және орта бизнес өкілдеріне, атап айтқанда, елдің экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылатын жергілікті тауар өндірушілеріне қолдау көрсетудеміз. Фермерлік шаруашылықтармен осындай қызметтестік бізге сауда желілері сөрелерінде қазақстандық қамтымды ұлғайтуға үлесімізді қоып қана қоймай, жалпы алғанда, елімізде пайдалы тағамдармен тамақтану мәдениетін ілгері жылжытуға көмектесетін болады», — деді Артур Янушевский, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС операциялық қызмет бойынша бөлімінің бастығы.

«Шелек Фермерлері» — ҮЕҰ мен бизнес арасындағы кооперацияның ғана емес, сондай-ақ, ірі бизнестің шағын бизнеске көмек көрсетуінің де тамаша мысалы. Жобаны «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қоры» Қоры (ЖҚҚ) «Филипп Моррис Қазақстан» компаниясының (ФМҚ) қолдауымен жүзеге асыруда. 2018 жылдан бастап фермерлік өнімдерді сату үшін өз сауда алаңшаларын METRO Cash & Carry ірі сауда желісі тегін ұсынуда.

Ринат Заитов, «ФМҚ» компаниясының корпоративтік байланыс қызметінің жетекшісі: «Біз фермерлерге олардың бастамашылдығы үшін, ал Жергілікті қоғамдастықтар қорына көп жылдық жемісті жұмысы үшін ризамыз. 2014 жылы жоба ретінде басталған іс бүгінгі күні нағыз бизнеске айналған: фермерлер кооперативке бірігіп, бизнесті кеңейтуді жалғастыруда. Жай ғана қаржы доноры ғана емес, сонымен қатар жоба шабыттандырушысы бола тұра, біз өнімдерді, дәндерді және органикалық тыңайтқыштарды тасымалдаға арналған арнайы жасалған ораманы ұсыну арқылы, фермерлерге қолдау көрсетуді жалғастырып тұрған Rijk Zwaan, Kagazy Recycling, «Эко Культура», «Агровэй – Nunhems» серіктестерімізге ризамыз», — деді.

Бақытгүл ЕЛШІБАЕВА, ЖҚҚ-ның атқарушы директоры: «Жобаны іске қосқанға дейін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері маусымдылыққа қатты тәуелді болған, сондай-ақ, өз жерлеріне алдыңғы маусымда ең көп талап етілген дақылдарды егуге тырысқан, және осының нәтижесінде ұсынылатын сұрыпталым азайып, бәсекелестік ұлғайған».

««Шелек Фермерлері» жобасы фермерлер өнімдерін заманауи технологияларды пайдалана отыра өсіруді үйреніп, осылайша өздерінің өнімділігі мен түсімділігін арттырғанын, ал сатып алушылар жеткізу тізбегінде делдалдардың жоқтығы арқасында балғын фермерлік өнімдерін тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болғанын көрнекті мысалы болып табылады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *