Тамыз айының соңына дейін Алматыда қоғамдық көліктер ағылшын тілінде де аялдамаларды хабарлайтын болады

409

Алматыда қоғамдық көлікте аялдамаларды қазақ және орыс тілдерімен бірге ағылшын тілінде хабарлап отырады. Бұл жаңалық қаланың басты көрікті жерлерін бойлай жүретін барлық автобустарды қамтиды және ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін іске қосылады. Бұдан басқа, қаланың барлық автобустары мен троллейбустары үш тілде жазылған жадынамалармен жабдықталатын болады, онда қауіпсіздік ережелері, бағдарлар және ақы төлеу әдістері туралы ақпарат болады. Бұл туралы Visit Almaty ТАО нарық ойыншыларына туризмді дамыту бағыттары мен стратегиясын ұсынған «Туризм саласындағы бизнес мүмкіндіктерінің қарсаңында» атты дөңгелек үстел аясында белгілі болды.

«Шетелдік туристерді тарту кешенді әдісті, соның ішінде қызметті жетілдіру бойынша белсенді жұмысты қажет етеді. Қазір Универсиада-2017 тәжірибесі бойынша қонақжайлылық бағдарламасын белсенді түрде дамытудамыз. Бағдарламаны жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қонақтарды қарсы алу барысында қандай да бір түрде қонақтармен кездесетіндерді қамтитын, мысалы, әуежайдың, теміржол және автобекеттердің қызметкерлерін, кассирлерді және т.б. қызметкерлерді қамтитын арнайы бағдарлама», — деді Visit Almaty ТАО директоры Камила Лұқпанова.

Тау туризмінен басқа, мамандар инвестиция үшін ең тиімді сала ретінде HORECA, кәдесыйлар, турлар және туристік инфрақұрылымдар саласын атап өтті.

Алматыға негізінен Ресей, Өзбекстан, Қытай, Тәжікстан, Түркия, Украина және т.б. елдердің азаматтары келеді.

Олардың жастары аймаққа байланысты өзгереді. Мысалы, 25-тен 45 жасқа дейінгі адамдар негізінен ТМД елдерінен келеді. Еуропадан келген туристер 20-дан 45 жасқа дейінгі жас тобына жатады, ал Азиядан келетін туристердің орташа жасы 30-дан 55 жасқа дейін.

Айта кетерлігі, Visit Almaty ТАО – бұл Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы жанында құрылған ақпараттық орталық, ол туристтерге Алматы және Алматы агломерациясында уақыт өткізу мүмкіндіктері туралы ақпаратты күнделікті ұсынады. Орталықтың міндеттері – туристік өнімдерді халықаралық және ішкі нарықтарда алға жылжыту.




One thought on “Тамыз айының соңына дейін Алматыда қоғамдық көліктер ағылшын тілінде де аялдамаларды хабарлайтын болады

  1. Танакөз

    Қоғамдық көліктерде аялдамаларды үш тілде айту — жастардың ағылшын тілін тезірек жаттап алуына зор мүмкіндік тудырады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *