Гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы Азия ойындарын жеңіспен бастады

246

Гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы 2018 жылғы Азия ойындарын жеңіспен бастады.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей,  Азия ойындарында командалық спорт түрлерінен іріктеу айналымдары бүгін басталып кеткен. Алғашқы іріктеу сынында гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы Үндістан құрамасымен кездесіп, қарсыластарынан 36:19 есебімен басым түсті.

Қазақстандық команда сапынан Дана Әбілда ең көп ұпай жинады, ол қарсылас қақпасына 8 доп соққан. Сондай-ақ, Ольга Танкина мен Валерия Караваева тиісінше 6 және 5 доптан соқты.

Азия ойындарында Қазақстан құрамасы Оңтүстік және Солтүстік Корея, Қытай, Үндістанмен бір топқа түсті. Команданың келесі кездесуі 16 тамыз күні Қытайға қарсы өтеді.

ҚазАқпарат

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *