Вьетнамда алып қол мүсініндегі көпір жасалды

785

Вьетнамның  Данан қаласына жақын маңдағы Ba Na Hills шипажайында ерекше көпір салынды. Бұл көпірді адам қолы іспеттес алып бағана  тіреп тұр. Көпір теңіз деңгейінен 1414 метр биіктікте орналасқан.  Биіктіктен көрінген  таңғажайып көріністің көркінен көз сүрінеді. Ұзындығы 150 метрды құрайтын алып көпірдің дизайнын  TA Landscape Architecture сәулетшілері құрған.  Оның негізгі қаңқасы болаттан жасалған. Ал алып қолдар сәндік элемент болып табылады. Осы жылдың жазында ашылған көпірді тамашалау үшін Вьетнамға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылуда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *