«Туған жер» жастар лагері ұйымдастырылды

391

2018 жылдың 13-18 тамызы аралығында ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, дамыту аясында, сондай-ақ Алматыдағы еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында, «Лесная сказка» тау шипажайы — қонақ үйінің базасында “Туған жер”жазғы жастар лагері өтеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жазғы “Туған жер” жастар лагері — бұл қызықты өмір тәжірибесін алудың бірегей мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар өзіңді жаңа қырыңнан аша алатын орын, бірдей ойлаушылармен танысу және еліміздің көптеген табысты тұлғаларымен кездесу!

Жастар лагері Алматы жастарының 150 өкілін қабылдайды. Лагер қатысушыларын 5 тәулік бойы белсенді демалыс, пайдалы оқу бағдарламалары және көркем табиғат көріністерінің арасында түрлі спорттық, мәдени іс-шаралары күтеді.

«Туған жер» жазғы жастар лагері біздің қаламыздың перспективті жастарының шығармашылық әлеуетін дамытудың тиімді алаңына айналады.

Жобаның басты мақсаты – жас ұрпақтың тек жеке қалыптасуына ғана емес, сондай-ақ мәдени, дене және кәсіби дамуы үшін барлық жағдайларды жасау. Сондықтан, лагердің барлық қатысушыларын пайдалы шебер-сабақтар мен тренингтер, сонымен бірге футбол және волейболдан турнирлер, КВН, интеллектуалды «брэйн-рингтер», мафия ойындары және тағы сол сияқты спорттық және шығармашылық жарыстар күтеді. Жастардың көпшілігі үшін «Туған жер» жазғы жастар лагері қызықты өмірлік тәжірибе алудың бірегей мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар, өзінің жаңа жағы ашылатын, пікірлестерімен танысып, еліміздің көптеген табысты тұлғаларын кездестіретін орын болуы мүмкін!

Айта кетсек, кейбір іс-шараларды көруге, қала жастарымен тікелей қарым-қатынаста болуға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев келеді.

Сондай-ақ лагердің оқу және мәдени бағдарламасының аясында спикер ретінде танымал саяси қайраткер – Айдос Сарым, «ChocoFamily» холдингінің негізін салушы – Рамиль Мухоряпов, отандық музыка жұлдызы Ғалымжан Молданазар, танымал әртістер, вайнерлер –Шаріп Серік пен Нұрлан Батыров, елдегі танымал тележүргізушілердің бірі – Әділ Лиян сөз сөйлейді.




One thought on “«Туған жер» жастар лагері ұйымдастырылды

  1. Нара

    Нағыз қажет лагерлердің бірі. Мұндай игі шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса дейміз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *