«Мектеп сөмкесі» қайырымдылық акциясын өтеді

728

«Уақып» қайырымдылық қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен және «UMMET», «Харекет» қайырымдылық қорларымен бірлесіп, жаппай қайырымдылық пен демеушілерді тарта отырып, «Мектеп сөмкесі» қайырымдылық акциясын өткізеді. Акция ағымдағы жылы 18-26 тамыз аралығында өтеді.

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, мүгедек балаларға және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп сөмкелері мен қажетті құрал-жарақтарын тапсыру бойынша жаппай қайырымдылық шаралары, барлық облыстарда, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ҚМДБ мешіттерінде, сауда және ойын-сауық орталықтарында өтеді.

«Уақып» қазақстандық қоры жаппай қайырымдылық пен демеушілерді тарта отырып, оқу құралдарымен толтырылған 2000 сөмке сатып алды. Қор ниет білдірген азаматтарды балаларға сөмке және оқу құралдарын алу үшін «Мектеп сөмкесі» акциясына қосылуға шақырады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *