Қазақстанда ҰБТ-ны қайта тапсыру басталды

268

Оны қайта тапсырған талапкер 2 242 теңге төлейді және тестілеу нәтижесі тапсырған күні белгілі болады.

Қазақстанда 15 тамыздан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) қайта тапсыру және кешенді тестілеу (КТ) басталды, деп хабарлайды BNews.kz  sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

Тестті қайта тапсырғысы келгендер 25 шілде мен 3 тамыз аралығында өтініш берді. Олардың саны 40 718. Түлектердің жартысынан көбі – 66 пайыз – ҰБТ мен КТ-ны қазақ тілінде, 33 пайызы – орыс тілінде және 11 адам ағылшын тілінде тапсыруға ниет білдірді.

ҰБТ-ны ұпай саны шектік балға жетпей қалған, тестілеу нәтижесі жойылған және ҰБТ/КТ-ға қатыспаған түлектер қайта тапсырады.

Қайта тестілеуден өту ақысы – 2 242 теңге, Қазпошта немесе Халық банк арқылы төленуі тиіс.

Бес пән бойынша сұрақтарға толық білім беретін бөлімде оқығысы келетін 18500 адам жауап береді, ал қысқартылған бағдарлама бойынша білім алғысы келетін 22 218 адам екі пәннен ғана тапсырады.

Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу 5 күн бойы – 15-19 тамыз аралығында – 40 ЖОО базасында өтеді.

Апелляцияға өтініш тест қорытындысы шыққаннан кейінгі келесі күні сағат 13:00-ге дейін қабылданып, бір күнтізбелік күн ішінде қаралады. Талапкер апелляциялық комиссия отырысына келмесе, оның өтініші қаралмайды.

Қайта тапсырылған тесттің қорытындысы сол күні Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана әкімінің грантына ие болу реті белгілі болды. Конкурстық комиссия қорытындысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырылатын 12 жоғары оқу орны анықталды. 2018-2022 оқу жылдарына күндізгі бөлімде оқуға 1000 орын бөлінді.

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін азамат ЖОО-ның қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, білімі туралы құжатты (түпнұсқа), ҰБТ немесе КТ сертификатын, 3×4 көлеміндегі екі фотосуретті, 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *