Қазақстандық шпагашы Азия ойындарының чемпионы атанды

368

Шпагашы Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанды деп хабарлайды.

Джакартада басталған Азия ойындарында Қазақстан құрамасының ең алғашқы алтын медалін шпагашы Дмитрий Алексанин сыйлады.

Ол финалдық бәсекеде Рио Олимпиадасының чемпионы Сан Ен Пакты жеңді. Дмитрий үш кезең бойы есепте алды тұрды. Десе де, соңғы кезеңде Олимпиада чемпионы біздің спортшыны қуып жетіп, маңызды ұпайларға қол жеткізген болатын. Соңғы секундтарда сәтті шабуыл жасаған Алексанин Азиаданың чемпионы атанды. Қорытынды есеп — 15:12.

Еске сала кетейік, жартылай финалда Алексанин Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Джунг Джинсуннан басым түсті.

«Дмитрий Алексанин биылғы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанып, әлем біріншілігінде үздік алтылыққа енді. Бұл оның қарымды спортшы екенін көрсетеді. Азия ойындарында бәрі сәтті аяқталғанына қуанып тұрмын. Барша қазақстандықтарды Алексаниннің жеңісімен шын жүректен құттықтаймын», — дейді бас бапкер Алексей Писцов.

Дереккөз: Baq.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *