Өскеменнің жаңа әкімі тағайындалды

99

Бұрын Алматы және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған Жақсылық Омар Өскемен әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов қала активіне Өскеменнің жаңа әкімін таныстырды. Қаланың жаңа басшысы өскемендіктерге 2009-2016 жылдар аралығында ШҚО әкімінің орынбасары болғанымен таныс.

Жақсылық Омар экономика ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 2001 жылы Мәдениет, ақпара және қоғамдық келісім министрлігінде жетекші маман болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, «Қазақстан» телерадиокорпорациясында, ШҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, кейін басшысы болып қызмет етті. 2011 жылдан 2013 жылға дейін ШҚО мәдениет басқармасының басшысы болды.

Өскемен қаласының әкімі болғанға дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *