2018 жылдың І жартысында диспансерлік науқастар арасынан 701 адам есептен шығарылды

645

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығының директоры Рахменшеев Сапар Құттыбайұлы хабарлады.

2018 жылдың 1 шілдеге дейінгі мәлімет бойынша,  Алматы қаласының ПСО есебінде 6952 адам тұрады, көрсеткіш 100 мың халық санына шаққанда 391,3 адамға тең, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 9,8%-ға төмен (7711 адам- 439,9), олардың ішінде кәмелетке толмағандары — 8, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіш 1,5 (24 адам-5,5). Сонымен қатар маскүнемдікпен есепте тұратындар саны — 5323 адам, бұл 2017 жылдың салыстырмалы кезеңінен 11,3%-ға төмен (6002 адам), олардың 3-еуі кәмелетке толмағандар, (2017ж.-17); нашақорлықпен – 1629 адам, бұл 2017 жылдың салыстырмалы кезеңінен 4,1%-ға төмен (1700 адам), олардың 5-еуі кәмелетке толмағандар (2016ж.-7).

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында алғаш рет есепке алынғандар саны 340 адам, 100 мың адам санына шаққандағы көрсеткіш саны 19,1 тең, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 19,0%-ға төмен (420 адам- 24,0), олардың 5-еуі кәмелетке толмағандар (2017ж.-12). Сонымен қатар маскүнемдікпен есепке алынғандар 255 адам (2017ж. –321), олардың ішінде кәмелетке толмағандары — 2 (2017ж.-8); нашақорлықпен – 85 адам есепке алынған ( 2017ж. –99), олардың 3-еуі кәмелетке толмағандар (2017ж.-4).

2018 жылдың І жартысында диспансерлік науқастар арасынан 701 адам есептен шығарылды, олардың ішінде «маскүнемдік» диагнозымен 575 адам, нашақорлық» диагнозымен – 126адам.

Олардың:

— «сауығуына байланысты» — 342 адам (49,0%);

— «мәліметтердің жоқтығына байланысты»– 106 адам (14,8%);

— «кетуіне байланысты» — 31 адам (4,4%);

— «ББАО кетуіне байланысты» — 10адам (1,4%);

— «бақылау есебінен диспансерлік есепке өтуіне байланысты»-4 адам (0,5%)

— «кәмелетке толуына байланысты»-1 адам (0,1%)

-«диагнозының өзгеруіне байланысты»-9 (1,3%)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *