Атырау облысында спорт күні атап өтілді

605

Атырауда Спорт күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өтті. Шараға спорт ардагерлері, жаттықтырушылар мен спортшылар, халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары қатысты деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
​Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен жыл басынан бері өңірде көптеген ірі спорттық шаралар өтті.
​Халық спорттық шараларға белсенді қатысатынын атап өту қажет. Мысалға, қайырымдылық веложарысына 1000-нан астам адам қатысса 3000-ға жуық қала тұрғыны жыл сайынғы марафонға және 800 адам басқа да бұқаралық жарыстарға қатысты.
​Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің үздік спортшыларын спортты дамытудағы жетістіктері үшін төсбелгілермен және алғыс хаттармен марапаттады.
​«Бүкіл еліміздегі сияқты, Атырау облысында спорт жүйелі дамып келеді. Біздің спортшылардың республикалық және халықаралық деңгейдегі табыстарында маңызды рөл атқарып отырған – спортты дамыту бойынша облыста сауатты саясат жүргізілуі, оған жан-жақты қолдау көрсетілуі. Елбасының тапсырмасын орындау аясында облыста спорттың бұқаралық түрлерін дамытуға басым көңіл бөлініп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз,-деді Нұрлан Ноғаев.- Әлемдік деңгейде жарысқа түсіп, биік шыңдарды меңгеріп жүрген спортшылар – облысымыздың мақтанышы. Сондықтан, барлық жаттықтырушыларға ерекше алғысымды айтамын. Сіздер әрбір спортшыны дайындауға аянбай еңбек сіңіріп, жан – тәнімен қызмет етіп жүрген ұстазсыздар. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын, қызметтеріңізге табыс, жаңа жеңістер, бақ-береке тілеймін».
​Атырау облысы — мүмкіндігі шектеулі адамдар дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысатын жетекші өңірлердің бірі. 2008 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы құрылып, барлық қажетті спорт жабдықтарымен жарақталды. Бүгінде 45 мүмкіндігі шектеулі спортшы Ұлттық Параолимпиялық құрамасының мүшесі болып табылады. 11 спортшы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 27-і – Қазақстан Републикасының спорт шебері, 41-і спорт шеберіне кандидаттар.
​Айта кететін жәйт, 2017 жылы 880 спорттық шара өткізіліп, 175 мың адам тартылды. Ағымдағы жылдың басынан бері 572 спорттық шаралар өткізіліп, оларға 80 мыңға жуық адам қатысты. Бүгінгі күнге біздің спортшылар түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарда 494 медаль иеленді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *