Биыл 350 мың бала бірінші сыныпқа барады

220

Еліміздегі жаңа оқу жылының алдында өткен үкімет отырысында  ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биыл бірінші сыныпқа баратын балалардың саны 350 мың екенін айтты. Бұл туралы kazgazeta.kz тілшісі Tengrinews.kzсайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ал, жалпы мектепке үш миллионнан аса оқушы барады.  Министр сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен 110 мектептің салынып жатқанын, оның 72-сі биыл пайдалануға берілетінін айтып өтті.

«Жаңа оқу жылында жаңартылған оқулықтарға 3, 6, 8-сынып оқушылары өтеді. Педагогтар қажетті курстардан өтіп жатыр», — деді Е. Сағадиев.




One thought on “Биыл 350 мың бала бірінші сыныпқа барады

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *