Әнші Димаштың есімімен арнайы шай шығарылды

520

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің есімімен жаңа шай шығарыла бастады. Қораптың сыртында әншінің суреті де бейнеленген.

Жаңа брендті Димаш Dida Capital Partners компаниясымен бірлесіп жүзеге асырды. Қазір әлеуметтік желілерде танымал тұлғаның өнердегі достары мен жақындары шайдың тұсаукесері сәтінен суреттерін жарыса жариялап жатыр. Олар тілектері мен құттықтауларын Dimash tea хештегін белгілеп,  бөлісуде. Қуанышқа Димаштың жақындары көптеп жиналған. Олардың ішінде әншінің ата-анасынан бастап,  Ұлықпан Жолдасов, Данэлия Тулешова, Жанар Айжанова сынды өнер жұлдыздары бар. Алматыда өтіп жатқан  тұсаукесер кешіне әншінің өзі де арнайы келген.  Еске салайық, Димаш Құдайберген өткен жылы Қытайдың «Singer2017» ән байқауына қатысып 2-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, отандасымыздың ерекше дауысы қытайлық тыңдармандардың жүрегін жаулап, аз уақытта сол елдегі ең танымал әншіге айналды.

Қазақпарат




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *