Азиада-2018: Бүгін боксшылардың жеребе тарту рәсімі өтеді

425

Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында боксшылардың жеребе тарту рәсімі өтеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтып берді. Жакартада бокстан Қазақстан намысын 49 келіде — Теміртас Жүсіпов, 52 келіде — Азат Махметов, 56 келіде — Қайрат Ералиев, 60 келіде — Саматәлі Толтаев, 64 келіде — Бекдәулет Ибрагимов, 69 келіде — Асланбек Шымбергенов, ал 74 келіде Әбілхан Аманкұл қорғайды. Айта кеткен жөн, биылғы Азия ойындарына 81, 91 және 91 келіден жоғары боксшылар қатыспайды. Естеріңізге сала кетейік, осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Жазғы Азия ойындарында Қазақстан боксшылары 6 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған болатын.

Қазақпарат

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *