«Шығыс күнтізбесі»

1259

2018 жылғы 22 тамызда ҚР Ұлттық музейінде Мәскеудегі Тайпей-Мәскеу экономикалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі комиссия өкілдігінің қолдауымен «Шығыс күнтізбесі» атты Тайвань суретшілерінің графикалық жұмыстарының көрмесі ашылды.

Тайвань суретшілерінің графикалық жұмыстары бұған дейін, 2017 жылдың соңында Новосибирскіде, Иркутск көркемсурет мұражайында және Томск көркемсурет мұражайында көрмеге ұсынылған. Ұлттық музейде қойылған көрмеге Тайвань суретшілерінің 83 графикалық жұмыстары ұсынылып отыр.

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған Мәскеудегі Тайпей-Мәскеу экономикалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі комиссия өкілдігі мәдениет бөлімінің директоры Николай Сюи: «Алдымен осы көрмені ұйымдастыруға ықпал еткен Ұлттық музей басшылығына және көрме кураторы Андрей Мартынов мырзаға алғыс білдіргім келеді.

Тайвань суретшілері графикасының көрмесі Қазақстанда алғаш рет қойылып отыр. Бұл көрмеге Тайвань Ұлттық музейінде қойылған көрмеден іріктеліп алынған ең үздік деген туындылар әкелінді.

Біз осы көрме аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне 24 жұмысты сыйға тартпақпыз. Олардың ішінде жылқы, ешкі және ит жылына арналып салынған графикалар бар» – деді.

Өз кезегінде Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Абай Сатубалдуин көрменің маңыздылығын тоқталып өтті. «Бұл көрме Тайвань суретшілерінің шығармашылығымен танысуға мүмкіндік жасап қана қоймай, Қазақстан мен Тайвань арасындағы мәдени байланыстың нығая түсуіне де ықпал етеді» – деді, Сатубалдин мырза.

Тайвань Ұлттық бейнелеу өнері мұражайында жыл сайын жыл басы бейнеленген суреттер арасында байқау ұйымдастырылады. Қылқалам шеберлері шығыс күнтізбесіндегі 12 таңба: егеуқұйрық, бұқа, жолбарыс, қоян, айдаһар, жылан, жылқы, ешкі, маймыл, тауық, ит, шошқаны шығармашылықтарына арқау етеді. 12 жылдық альтернативті жануар белгілері мен 5 түрлі-түсті элемент (Жер, Металл, Су, Ағаш, Өрт) алпыс жылдық циклды құрайды. Соңғы цикл 1960 жылғы 28 қаңтарда басталған.

Бұндай байқау 30 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған байқауға ксилография, литография, шелкография графикаларын басып шығару үшін баспа графикасының әртүрлі әдістемелері бойынша жұмыс істейтін шеберлер шақырылады. Жұмыс заманауи цифрлық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды. Бұл шара Жаңа жыл қарсаңында күнтізбеге сай өткізіліп, жұмыстар Тайвань Ұлттық музейінде ұйымдастырылатын көрмеге қойылады.

Соңғы 33-ші конкурс 2018 жылы ит жылына арналған. Ит жылы Шығыс күнтізбесінде ең қолайлы жыл болып саналады. Ал 2019 жылы 60 жылдық цикл Шошқа белгісімен қорытындыланады.

«Шығыс күнтізбесі» көрмесі аяқталғаннан кейін бірнеше туынды Ұлттық музейдің қорына табысталмақ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *