Әбілхаят суы мен мәңгілік жастықтың құпиясы

629

Қазіргі заманда мәңгі өмір сүру мүмкіндігін беретін және  жасартатын сиқырлы сусындардың бар екендігіне сенетін адамдар әлі де кездеседі. Олар өз сеніміне өзгелерді де сендіргісі келеді. Мәңгілік өмірдің құпиясы шындығында бар ма? Осы сұрақтың жауабын іздеп көрейік.

Заманауи медициналық тәсілдер кәрілікті біршама уақыт  кейінге шегеріп,  жас көрінуге мүмкіндік бергенімен, кәрілік белгілерінен мүлдем арылтуға қауқарсыз. Ал ерте замандарда мәңгі жасаудың тәсілдерін ұсынғандар көп болған.

Бес мың жыл бұрын өмір сүрген шумерлер қауымы мәңгілік өмір сыйлайтын өсімдіктер жинаған. Олар өсімдік арқылы емдеу тәсілін қолданған. Ежелгі Үндістанда өсімдік теріп, оны жас көріну үшін қолдану кең етек жайған.

Ежелгі Мысыр тұрғындары күн сайын сарымсақтың бір талын жесе, ұзақ өмір сүруге болады деп есептеген. Ал фараондар темекі жапырақтарын шайнаған. Осыдан болар, Екінші Рамзес 95 жас жасаған екен. Ежелгі мысырлықтар барлық металдарды алтын не күміске айналдыратын және барлық ауру-сырқаудан жазатын пәлсапалық тастың барына сенген.  Олар ерітлген пәлсапалық тастың мәңгілік өмір сыйлайтындығына күмән келтірмеген. Алайда бірнеше ғасырлар бойы жалғасқан пәлсапалық тасты іздеу  еш нәтиже бермеген.

Тибеттің аскеттік монахтарының сенімі бойынша сарымсақты спиртте тұндырса,  емдік қасиеттері күшейеді деп есептеген. Сондықтан спирт тұнбасын тағамның барлық түрлеріне қосу әбестік саналмаған.

Ежелгі ассириялықтар  көп жасау үшін қызықты тәсілді қолданған. Олар балық аулаумен айланысқан. Сенім бойынша балық аулауға кеткен уақытты Құдайлар өмір сүруге кеткен уақыт есебінде қарастырмаған.

Бүгінде өмірді ұзартатын ғылыми тәсіл бойынша, ғалымдар  адамдардың ағзаларын клондауды ұсынады.

Таяуда ғалымдар орасан зор жаңалық ашты. Олар теңіз жәндігі медузаның өлмейтін түрін анықтады. Ол Медуза Turritopsis nutricula деп аталады. Тіршілік кезеңін ересек ағзаға дейін жеткізген соң, медуза қайтадан дернәсілге айланып,  дами бастайды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *