«Алматы Көк-Төбе Опера» халықаралық классикалық музыка фестивалі өтеді

913

25-26 тамыз екі күн аралығында тұрғындардың сүйікті демалыс орны «Көк-Төбеде» ашық аспан астында «Алматы Көк-Төбе Опера» халықаралық классикалық музыка фестивалі өтеді. Фестиваль Алматы қаласының еліміздегі фестиваль орталығы ретіндегі имиджін көтеруде зор мағынаға ие. Халықаралық фестивалдің басқа елдерден туристерді тартуда рөлі жоғары. Іс-шараға республика солистері, музыканттары, сондай-ақ Европаның танымал солистері (тенор және сопрано) қатысады; Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі мен солистері, әлемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен әлемдік классикалық музыканың үздік туындыларын орындайды.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанда опера өнерін насихаттап, танымал ету, көрермендердің опера өнеріне қызығушылығын арттыру, фестивальдің шетелдік қатысушыларымен шығармашылық байланысты кеңейту.

Іс-шараға шығармашылық интеллигенция, БАҚ өкілдері, классикалық музыканы сүйіп тындайтын тындармандар қатысады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *