Елбасы Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құруды ұсынды

336

Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммитінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құруды ұсынды.

«Халықаралық Аралды құтқару қорының қолданыстағы институттары негізінде Қордың ұйымдық құрылымдары мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру қажет. Бұл ХАҚҚ жұмысының сапасын арттыруға, оның әлеуетін нығайтып, ұйымның заманауи тегеуіріндерге бейімделуіне мүмкіндік береді. Екіншіден, Арал теңізі бассейні су ресурстарын басқару, бөлу, есепке алу және мониторингілеу  жүйелерін автоматтандыратын уақыт жетті. Бұл елдердің суды пайдалану ашықтығын қамтамасыз етіп, өзара сенімді нығайтады», — деді Қазақстан Президенті.

«Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру мәселесіне оралу маңызды. Оны құру трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану барысында ирригация мен гидроэнергетика арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бесіншіден, ХАҚҚ Атқару комитетін біздің елдеріміздің бірінде тұрақты қоныстандыру мәселесін қарастыру қажет. Бұл қызметінің тиімділігіне оң әсерін тигізеді, төрағалық етуші тарап ауысқан кезде оны қоныс аударуы барысында жұмыстардың тежелуіне жол бермейді», — деді Мемлекет басшысы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *