Шай туралы сіз білмеген 9 дерек

503
  1. Қытай аңызына сәйкес, біздің заманымызға дейінгі 2737 жылы Қытай императоры Шень-нун ағаш астында демалып отырғанда, қызметшісі ыстық су әкеліп береді. Ағаштың бірнеше жапырағы суға түсіп, император жапырақ қосылған суды ішіп көрмек болады. Судың  дәмі  мен хош иісі императорға ұнап, кейіннен тек осы жапырақ қосылған шайды ішетін болады. Жапырағы түскен жабайы ағаш қытай шайшөбі – камелия  болған екен.
  2. Көк шай мен қара шайды сamellia sinensis шай ағашынан дайындайды. Айырмашылық тек шай жапырағының өңделуінде.  Қара шайды өңдірген кезде жиналған жасыл жапырақтардың ылғалын кетіріп, арнайы құрылғыда ширатады. Жапырақтардың тіндері  бүлініп, бірқатар химиялық реакциялар басталады. Нәтижесінде қара шайға өзгеше дәм беретін теафлавиндер мен теарубигиндер пайда болады. Ал көк шайға ферментация жасалмайды. Оны дайындаған кезде    жапырақтарды тек кептіреді. Сондықтан көк шай химиялық құрамы бойынша қытай камелиясының жапырақтарына ұқсайтындықтан дәмі табиғи болады.
  1. Шай Еуропа елдеріне тарала бастаған кезде, оны ішу керектігін ешкім білмеген екен. Осылайша, Патшаның ресми қабылдауында қонақтар әкелген шай жапырақтарынан салат жасалған.
  2. Ерте кездерде шайқорлар шайға қант емес, тұз қосатын болған.
  3. Шай қалташаларының пайда болу тарихына толталсақ, Нью-Йорктық шай жеткізушісі Томас Салливан шайды металл құтыларында жеткізу қымбатқа соғатынын байқаған. Сондықтан ол 1904 жылдан бастап шайды қағаз түйіншектерінің ішіне орап, сата бастайды. Тұтынушылардың бірі байқаусызда түйіншекті суға түсіріп алады да, жақсы шайдың шығатынын көреді. Бүгінде шайқорлардың көп бөлігі шай қалташаларының дәмі мен қасиеттеріне төмен баға беруде.  Сондықтан қалташалардағы шай шайлардың ең төмен сұрыбы болып есептеледі.
  4. Шай түрлі иістерді өзіне сіңіре алады. Қолдағы тамақ иісін кетіру үшін шаймен жуса, жеткілікті.
  5. $ 1 025 000 тұратын Да Хун Пао әлемдегі ең таңдаулы шай болып есептеледі. Ол тек Қытайда ғана өсіріледі.
  6. Шашты шаймен жусаңыз, жұмсақ, әрі жылтыр болады.
  7. Викториан дәуірінде мұрттың шайға түсуіне тосқауыл болатын арнайы тостаған шығарылған. Оны 1860 жылы британдық қышшы Харви Адамс ойлап тапқан.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *