Азиада-2018: Ел қоржынына алтыншы алтын медаль түсті

367

Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында бүгін Қазақстан қоржынына 6-шы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап, kazgazeta.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін Жакартадағы жарыста каратеден 68 келіде сынға түскен Гузалия Ғафурова Азия ойындарының чемпионы атанып, ел қоржынына 6-шы алтын медальды салды. Ол финалда қытайлық спортшы Танг Линглингті ұтып кетті. Естеріңізге сала кетейік, Гузалия бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық спортшы Иран өкілінен басым түсті. Ал жартылай финалда вьетнамдықпен кездескен Ғафурова 8:5 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Индонезияда өтіп жатқан Азиада-2018 ойындарының жалпы қорытындысы бойынша 6 алтын, 8 күміс және 28 қола медальмен жалпы есепте 11-ші орынды сақтап тұр.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *