Виктор Темірбаев Қазақстанның Литвадағы елшісі болып тағайындалды

757

Виктор Темірбаев Қазақстанның Литвадағы елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

 «Мемлекет басшысының Жарлығымен Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Осыған дейін Темірбаев Ресейдегі Қазақстанның елшілігінде кеңесші-елші қызметін атқарған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *