«Ғалам аруы» байқауы финалының қатысушысы Еңбекшіқазақ ауданының алғашқы агротурына қатысты

740

 «Ғалам аруы» байқауы финалының қатысушысы Сабина Әзімбаева Еңбекшіқазақ ауданында өткен алғашқы агротурға қатысты. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерге және «Алматы аруы 2018» байқауының  қатысушыларына арнайы ұйымдастырылған шара.

Бақытгүл Елшібаева,

«Еңбекшіқазақ аудандық жергілікті қауымдастықтар қоры» Қоғамдық қорының атқарушы директоры:

Біз фермерлеріміздің агротурларды өткізіп отыру идеясын қолдап отырғандарына өте ризамыз. Қазіргі қалалық жастар, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер, ауыл өмірін көрмеген, ал көбі көкөністердің қалай өсірілетінін де білмейді. Олардың көбі ауылда ешқашан болып көрмеген және ғаламторсыз немесе ұялы телефонсыз өмірді елестете алмас. Осындай агротурлар қала тұрғындарына ауыл өмірінің тамашасын көрсету және фермерлер өсіріп отыратын өнімдер туралы көбірек білу мақсатында өткізіледі. 

Агротурдың артықшылығы – баға тұрғысынан қолжетімділік,  орналасқан жері ыңғайлы, экологиялық өнім, сондай-ақ, табиғатқа жақын болу, көкөністерді өсіру әдістері жайлы көбірек білу және фермерлер өнімдерінің сапасына көз жеткізу мүмкіндіктері қолжетімді. ына оралу және өз балаларына ауыл өмірінің керемет жағын көрсету мүмкіндігі болып келеді.

Сабина Әзімбаева,

«Алматы аруы 2017», «Ғалам аруы 2018» байқауының қатысушысы:

Бала кезімде бақшада жүргенді ұнататынмын: жаздың басында дәндерді сеуіп, күзде өнімді жинайтынбыз. Ал осы агротурдың арқасында мен ауылдағы әжеме қуана-қуана барған жастық шағыма оралғандай болдым. Менің анашым дәл осы ауылда, Шелекте туған! Мен дәмді, таза әрі дәрумендерге бай тамақты өте жақсы көремін. Себебі дұрыс тамақтану – сұлулықтың кепілі!

Биыл «Еңбекшіқазақ аудандық жергілікті қауымдастықтар қоры» Қоғамдық қоры (бұдан әрі – «ЖҚҚ») өз жұмысының жаңа бағытын ашатын агро-туризм аясындағы пилоттық жобаны жүзеге асыра бастады.

 

 

Суреттерді түсірген: Вера Останкова.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *