ШҚО-да 3500 жылдан астам тарихы бар көне шаһардың орны табылды

192

Бесқарағай ауданының Жетіжар ауылы маңында ежелгі қаланың орны табылды, деп хабарлайды  Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

«Тарихы терең туған жер» ғылыми-тәжірибелік конференциясында павлодарлық археолог Виктор Мерц осындай жаңалықпен бөлісті.

Керекулік археологтың айтуынша, Бесқарағайдың Жетіжар өңірінде үлкен елді екен болған екен. Ол қола дәуіріне тиесілі. Демек, ауылдың тарихы мыңжылдықтардың қойнауында жатыр. Ежелгі протоқалашық тіпті оңтүстік-батыс Сібір аймағындағы ең үлкен археологиялық нысан болып есептеледі. Өйткені оның аумағы 100 гектардан асып жығылады. Осыған қарағанда бұл маңда айтулы дәуірдің астанасы орналасуы мүмкін деген болжам бар.

«Жетіжар елді мекенін зерттеуді 2000-шы жылдардың басында қолға алдық. Қуанышқа орай, қазба жұмыстары жүргізілген жоқ. Тек ескерткіштің бүлінген аймақтарынан, сондай-ақ жердің жоғарғы қабатынан материалдар зерттеуге алынды. Неге десеңіз, бұл нысан бірегейлігімен ерекше. Қазба жұмыстарын бастау үшін геофизикалық зерттеуді жүргізуге тура келді. Осы мақсатта Ұлыбританиядан ғалымдарды шақырып, жобаға тарттық. Оларда қызығып кетті. Дэниел Лоуренс есімді әріптесіміз, биыл грант ұтып осы жобаға атсалысты. Нәтижесінде археологиялық аумақтың нақты өлшемі анықталды. Ары кетсе 70 гектар болатын шығар деп ойладық. Алайда ескерткіштің алып жатқан жері 100 гектардан асып кетті. Бүгінде бұл тек Қазақстандағы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл батыс Сібірдегі археологиялық ескерткіштерден анағұрлым көлемді нысан. Мүмкін сол кезеңнің астанасы осында болуыда ғажап емес», — деп нақтылады Виктор Мерц.

Ғалым Жетіжар елдімекенін алдағы уақытта қайта жаңғыртып, ашық аспан астындағы мұражайға айналдыруға келетініне сенімді. Осы арқылы қасиетті жердің туристік әлеуетін күшейтуге болады, дейді тарихшы.

Анықталғандай, көне шаһар Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жатады.

 

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *