Азиада-2018: Апалы-сіңлілі қазақстандықтар қола жүлдегер атанды

301

Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында бүгін синхронды жүзуден апалы-сіңлілі қазақстандық қыздар қола медальға ие болды, деп хабарлайды kazgazeta.kz Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Азия ойындарындағы кезекті қола медальді синхронды жүзушілер жеңіп алды. Бірінші жарыс күнінен соң үшінші орында тұрған апалы-сіңлілі Екатерина мен Александра Немич турнир қорытындысы бойынша үздік үштікке енді. Немичтер жалпы есебі 170.8845 ұпай жинады. Ал алтын медаль алған қытайлықтар 186.5101, күміс жүлдегер атанған Жапония командасы 182.3363 ұпай жинады.

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *