Астанада Қостанай облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

349

1-2 қыркүйекте ел ордасы Астана қаласының  20 жылдығын мерекелеуге байланысты Республика аймақтарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу туралы іс-шаралар жоспары бойынша Қостанай облысының ауылшаруашылық кәсіпорындарының қатысуымен жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Облыстың 14 ауданы мен 3 қаласының 60-тан астам кәсіпорнының ауыл шаруашылық  өнімдері сатылатын болады. Жәрмеңкеде 380 тонна көлемінде 100-ден астам өнім сатылады: мал етінің барлық түрлері — 50 тонна, сүт өнімдері — 35 тонна, шұжық өнімдері және жартылай дайындалған өнімдер — 20 тонна, жарма және макарон өнімдері — 30 тонна, қартоп және көкөністер — 60 тонна, нан және кондитер өнімдері — 20 тонна, жұмыртқа — 20 тонна, ұн — 50 тонна, және тағы басқа. Барлық өнім Астана қаласы сауда орындарындағы бағалардан төмен сатылады. Жәрмеңкені өткізу орны «Қазақстан» спорткешені (Мұнайтпасов көш., 9) алаңы.

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *