ТМККК шеңберінде жоғары технологиялық медициналық қызметтер тегін көрсетіледі

1101

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалы жыл басынан бері жоғары технологиялық медициналық қызметтер үшін 13,3 млрд теңге төледі. Төлем көлемі аталған қызметтерді көрсететін астаналық медицина қызметтерін жеткізушілердің жылдық қаржыландыру жоспарының 61% құрайды.

Стационарлық және стационаралмастырушы ЖТМҚ пациенттер үшін жергілікті және республикалық деңгейдегі медициналық мекемелерде ұсынылады. Бұл қызметтер кепілдендірілген тегін медициналық қөызметтер көлеміне кіреді. Осылайша, егер адам сырқаттанып қалған жағдайда, қымбат тұратын технологиялық диагностика мен емді қажет ететін болса, онда ол тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекет есебінен керек медициналық көмекті ала алады.

Квота – мемлекет есебінен қымбат процедураларды, жабдықтар мен басқа да медициналық көмекті қолдануды қажет ететін диагностика мен емге кепіл беретін құжат. Жоғары технологиялық медициналық қызмет шеңберінде көптеген күрделі есту қабілетін жақсартатын операциялар, кохлеарлы имплантация, трансплантологиялық операциялар, лапароскопиялық және микрохирургиялық операциялар, буындарды алмастыру, кардиохирургиялық операциялар және тағы да басқалары жасалады, — деп ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары А.Амангелдиев атап өтті.

Квота бойынша ауруханаға жатқызу жоспарлы түрде жасалады. Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсетуге жолдаманы жергілікті деңгейдегі емхананың немесе аурухананың маманы береді. Жолдама госпитализациялар бюросының порталында науқастың таңдаған медициналық ұйымын есепке ала отырып тіркеледі. Егер де жергілікті жерде ЖТМҚпен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса, онда науқасты жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу мәселесін республикалық деңгейдегі комиссия қарастырады.

— Квота алу үшін науқас алдымен тұрғылықты жеріндегі учаскелік дәрігерге жүгінуі керек. Содан кейін ол салалық мамандардың қабылдануына барады. Консультация мен сараптамадан өткеннен кейін пациент нұсқау бойынша стационарлық емге жіберіледі. Науқастың жолдамасы Порталға тіркеледі, науқасты ауруханаға жатқызу күні қосымша хабарланады, — деп А.Амангелдиев түсіндірді.

МӘМС бірынғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің бөлігі болып табылады және екі негізгі қағиданы қамтамасыз етуге арналған: пациентке медициналық ұйымды еркін таңдау мүмкіндігін беру және жоспарлы госпитализация кезінде ұсынылатын медициналық қызметтермен қамтамасыз ету. Естеріңізге сала кетсек, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу 2020 жылға дейін шегерілді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *