Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт өтеді

633

29 тамызда сағ. 18.00 де Астана қаласы «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт өтеді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Салтанатты концертте қазақтың ең атақты опера әншiсі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, «Türkvizyon 2014» ән байқауының жеңімпазы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Жанар Дұғалова, «Голос» Халықаралық ән байқауының жеңімпазы, әнші Данэлия Тулешова, «Burabay Summer Fest» халықаралық жас таланттар конкурсының лауреаты Аңсар Жүсіп (Ақтөбе обл.), «Voice of Astana» халықаралық конкурсының І жүлде иегері Бердібек Құлғараев, «Славянский базар» халықаралық эстрада әндерін орындаушылар конкурсының І орын иегері Ернар Садырбай (Amre) және тағы басқа халықаралық конкурстардың жеңімпаз жас таланттары өнер көрсетеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *