«Ақ ордалы Астана»

2058

 Қазақстан астанасының 20 жылдығын мерекелеу құрметіне 30 тамыз күні 11:00-де Астанада өтетін «Ақ ордалы Астана» халықаралық поэзия кешіне орай баспасөз конференциясы өтеді. Конференцияға Финляндиялық ақын, эссеші, славян, орыс әдебиетінің аудармашысы Юкка Маллинен (Финляндия), ақын, жетпіс кітаптың авторы, Шанхай университетінің профессоры Оуянг Ю (Австралия), ақын, баспагер Гагик Давтян (Армения), ақын, прозашы, сыншы, «Литературный газеты» атты газеттің Бас редакторы Максим Замшев (Ресей), ақын Акбар Рыскулов (Қырғызстан) және Қазақстан Жазушылар Одағының Төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет қатысады.

Қазақстан астанасының 20 жылдығын мерекелеу құрметіне 30 тамызда Астанада «Ақ ордалы Астана» халықаралық поэзия кеші өтеді. Іс-шараға танымал отандық ақындар мен әлемдік деңгейдегі білікті ақындар қатысады. Көптеген шет елдік танымал ақын жазушылар да аталмыш шараға өз үлестерін қоспақ.

Халықаралық поэтикалық кештің негізгі мақсаттары — Қазақстан халқының бірлігін сақтау және біздің еліміздің мәдени ерекшеліктерінің әртүрлілігін дамыту, Қазақстан халқының достығы, бірлігі мен патриотизмін нығайту, Қазақстанның мақтанышы, бейбітшілік пен төзімділік символы, еуразиялық мәдениет орталығы — Астананы «Әлемнің қаласын» көрсету.

Іс-шара барысында шығармашылық кеш ұйымдастырылады, сонымен қатар Рухани Жаңғыру айдарымен «Әлем ақындары Қазақстанды жырлайды» атты шығармалар жинағы жарыққа шығады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *