Зейнолла Самашев, тарихшы, археолог: « Көне Түркістанның елдік идеясы қайта ояна бастады»

662

Таяуда ғана 1500 жылдық тойын атап өткен абыз қала, аңыз өлке Түркістан бүгінде дербес облыс болып отыр. Иә, сүйіншімізді сұрап айшылық жерге ат шаптырған жайымыз да бар.

Осыған орай елдегі зиялы қауымның бір ауыз пікірін білу – игі бастама еді. Десе де жаңа облыстың жарқын болашағы туралы ойлар жетіп артылады. Оның экономикалық, әлеуметтік жағдайлары тураы сұрақтар бір төбе. Осы орайда өз ойыман белгілі тарихшы, археолог Зейнолла Самашев бөліскен еді.

«Түркістан облысының құрылғаны — Қазақстанның жаңа тарихындағы өте бір ерекше оқиға. Кезінде Түркістан республикасы болған. Бұл — сол идеяның жүзеге аса бастауының кезеңі. Ол жақта тек Қожа Ахмет Йассауи кесенесі емес, одан басқа да Орта ғасырларда болған тарихи, көне түріктерге қатысты ескерткіштер сол жерде шоғырланған. Сондықтан, түркі халықтарының рухани орталығына айналдырудағы, бір жерге біріктіруге негізгі болатын белестердің бірі.

Бұл қала көркейіп, кеңейіп, түркі халықтарының үлкен шараларын өткізетін керемет алаңға айналса, кең ғимараттар, мұражайлар көбейіп, ғылым, білім шоғырланған, түркі халықтарының атына ғана емес, затына да сай орны болуы керек. Рухани бағытта ұйымдастырылып жатқан шаралардың барлығы осы жерде өтетін шығар деп ойлаймын. Тарихи ғимараттар, қонақ үй, алаңдар салынып, сауда — саттық  дамып, халықаралық деңгейі, бағыты бар өңірге айналады деп ойлаймын. Жалпы, Түркістан деген аты қазақ еліне үлкен жауапкершілікті жүктейді.  Барлығы болады деп айтқанымен, атына заты сай жұмыстар жүргізу керек. Ең алдымен, айналасын тазалап, көшелерін кеңейтіп, əлемдік архитектураның керемет үлгілерінің негізінде, сəулет өнерінің əдемі туындылары қалыптасуы тиіс. Салалық университеттер салынып, үлкен Түрік академиясы, халықаралық түркі ұйымдары осында болуы керек деп есептеймін. Медреселер бой көтеріп, басқа діндегі түркі тілдес халықтардың ерекшеліктерін ескеретін ұйымдар, жиындар болуы қажет. Бүкіл əлемге үлгілі болып, еліміздің барлық облысы осы идеяға жұмыс істесе жақсы болар еді.

  Ұлт басшысының бес əлеуметтік бастамасы жалпы мемлекеттік идея. Əрине, басқа өңірде жүргізілуі басқа аймақтардан ерекше емес. Сала бойынша индустрияландыру, рухани жаңғыру жүргізіледі. Цифрландыру, Елбасының бес əлеметтік бастамасы өңірдің рухани дамуына əсер етері сөзсіз. Үлкен көшті бастап келген жаңа басшыларға табыс тілеймін. Қазақ халқы керек кезде көмек қолын созуға əрдайым даяр. Түркістан облысын бүкіл əлем бойынша түркі халықтарының орталығына айналдыруға атсалысамыз».

Арман Өріс

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *