Балаларға қамқорлық жасау мейірлі дәстүрге айналғанда

584

Қалыптасқан дәстүр бойынша «Шин-Лайн» компаниясы «Қазақстанның үздік тауары» байқауындағы ұтысын «Ковчег» балалар үйінің тәрбиленушілеріне табыстады.

2018 жылдың 1-ші қыркүйегінде компанияның бас директоры Владимир Пак «Ковчег» балалар үйінің тәрбиеленушілері білім алатын Талғардағы М.Әуезов атындағы №5 орта мектептегі сапқа тұру іс-шарасының қадірменді қонағы болып, балалар үйінің директорына сертификатты тапсырды.

Өз сөзінде Владимир Сергейұлы барлық оқушыларды, оқытушыларды және ата-аналарды оқу жылының басталуымен құттықтады. Әсіресе, бірінші сынып оқушыларын ерекше атап өтті, себебі олар үшін мектеп уақыты — жаңа өмір кезеңі.

Бүгінде бүкіл ел алдында жоғары білікті мамандарды даярлау міндеті тұр, ал оқу үшін қолайлы жағдайлар жасалғанда, сапалы білім алуға мүмкіндік туындайды. Жаңа оқу жылының қарсаңында тәлімгерлер мұқият әзірленуі абзал: оқу құралдары, арнайы мектеп формасы, кітаптар мен контурлық карталардың болуы оқу жылында өз септігін тигізеді.

Балалар үйі директоры Марина Анатольевна Сугакованың айтуынша, бұл мекемеде 50-ден астам тәрбиленуші бар, ал олардың көпшілігі мектеп оқушылары. Балаларды мектепке дайындау – қымбат шығындардың бірі. Осы мақсатқа қаражат бағытталмақ. Ал, білім күнінде №1 ұлттық бренд ретінде «Шин-Лайн» компаниясы өз балмұздағын мектеп оқушыларына тарту етіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Шин-Лайн» компаниясы «Қазақстанның үздік тауары» байқауында үшінші орынды иеленді және ақшалай сертификатпен марапатталды. Аталмыш сайыс 2006 жылдан бері өткізіледі және қатысушылар байқауда бақ сынау үшін еш қаражат төлемейді, сәйкесінше, бұл — еліміздегі жалғыз тегін сайыс. Сарапшылар үшін жеңімпаздарды таңдаған кезде назарға алатын басты критерий — өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, оның жоғары сапасы, сондай-ақ, қатысушы компанияның жаңашылдығы, жаңа технологияларды енгізу, менеджмент сапасы және персоналды басқару.

Асел Малайбекова




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *