Біртанов медициналық көмек көрсетудің жаңа 4 кешенін атады

175

Бүгін Үкіметтің кезекті отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту бойынша шаралар кешенін ұсынды деп хабарлайды kazgazeta.kz baq.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Министр медициналық көмек көрсетудің жаңа төрт кешенін атап өтті.

 

«Бірінші – пациенттерді сапалы қарап-тексеру және емдеу, базалық консультативтік-диагностикалық қызметтерді алмастыру үшін МСАК дәрігерлері мен мейіргерлерінің құзыретін арттыру. Екінші – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және МӘМС жаңа моделін енгізу. Үшінші – МСАК бекітілген халықтың тұрғылықты жеріне барынша жақын орналасқан шағын орталықтарын құру үшін МЖӘ жобаларын енгізу. Төртінші – жергілікті атқарушы органдардың жауаптылығын бекіту, оның аясында жергілікті атқарушы органдарға жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде МСАК шағын орталықтарын құру міндеттемесі ұсынылады», — деді министр.

Біртановтың айтуынша, бұдан басқа 2019 жылы жалпы практика дәрігерлерінің, бейінді мамандардың қызмет тарифтерін кезең-кезеңімен арттыра отырып, еңбекке кесімді ақы төлеу енгізіледі. МСАК 1 дәрігеріне 1700 адамға дейін учаскелерді одан әрі ірілендіру қамтамасыз етіледі.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *