Алдияр Байракимовтың фильмі «Киношок» кинофестиваліне қатысуда

254

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған «На грани» фильмі қыркүйек айының 2-і мен 9-ы аралығында Ресейдің Анапа қаласында өтіп жатқан XXVII «Киношок» ашық кинофестивалінің байқауына қатысуда. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Аталған кинотуынды бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, алайда тағдырлары кездейсоқ тоғыстырған жасөспірімдер туралы баяндайды. Отбасы жылуы мен жақындарының қолдауынан айырылған, тіпті қоғаммен де тіл табыса алмай жүрген олар бастарын қауіпке тігеді.

«Осындай мәдени іс-шаралар шығармашылығыңды арттыруға, жалпы еліміздегі кино өндірісін дамутыға септігін тигізеді. «Киношок» сынды халықаралық деңгейдегі фестивальдер барысында түрлі елден жиналатын киногерлер бір-бірімен танысуға, өз жұмыстарын көрсетуге, тәжірибие алмасуға, сондай-ақ бірлесіп жұмыс жасауға кең мүмкіндік алады. Осындай байқаулардың арқасында жаңа есімдер де пайда болады. Ең бастысы, фестиваль қатысушылары түрлі елден келсе де, бір-бірін оңай түсінеді. Өйткен олардың тілі ортақ, ол – кино тілі», — деді жас режиссер Алдияр Байракимов.

«На грани» фильмінің «Киношок» фестиваліне қатысуы туралы байқаудың ұйымдастырушылары «бұл картина іріктеу комиссиясының шешімі бойынша Қазақстан кино өндірісін таныстыра алатын үздік фильмдердің бірі», деп ой бөлісті.

1992 жылы ашылып, бұрынғы одақтас республикалардың киногерлерін басын қосып, мәдени байланыстардың нығаюына бағытталған «Киношок» ашық кинофестивалі 20 жыл көлемінде көрермендерді Литва, Латвия, Эстония және

Шәкен Айманов атындағы «ҚАЗАҚФИЛЬМ» акционерлік қоғамы Акционерное общество «КАЗАХФИЛЬМ» имени Шакена Айманова

ТМД елдерінің киноларымен таныстырып келеді. Фестиваль шеңберінде толықметражды және қысқаметражды көркем фильмдер, деректі, телевизиялық және балаларға арналған фильмдер көрсетіледі. Толықметражды және қысқаметражды, сондай-ақ деректі фильмдерді кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Телевизиялық фильмдердің үздігін көрермендер, ал балаларға арналған фильмдер байқауында («Киномалышок») жасөспірімдерден құралған қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайтын болады. Жалпы фестиваль барысында 70-ке жуық фильмдер көрсетіледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *