Атыраулық жас самбошылар Әлем чемпионатынан жүлделі оралды

279

Мұнайлы астананың 3 спортшысы әлемнің бірқатар мемлекетінен жиналған үздік 250 балуан бақ сынаған додаға қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
22-26 тамыз аралығында Ресей Федерациясының Орел қаласында Самбо күресінен 2002-2004 жылы туылған мектеп оқушылары арасында Әлем Чемпионаты өтті.
Әлемдік бәсекеге 30-ға жуық мемлекеттен 250 ең үздік жас балуандар қатысты. 42 келі салмақ дәрежесінде Қазбек Аңсаған ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанса, 46 келі салмақ дәрежесінде Әділет Хисапов пен 55 келі салмақ дәрежесінде Мәдениет Құлманов қола жүлдеге ие болды.
Айта кету керек, бұл дода балалардың жоғары дәрежедегі ең алғашқы сайысы. Бұдан бұрын №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары ел чемпионатында үздік атанған болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *