Алматыда «KITAP FEST 2018» Халықаралық Кітап Фестивалі өтеді

1055

Ертең, яғни, 2018 жылғы 8 қыркүйекте сағат 10:00-19:00 аралығында Алматы қаласындағы «Астана» алаңында кітапқұмар қауымға арналған «KITAP FEST 2018» Халықаралық Кітап Фестивалі өтеді.

Жылдан-жылға ауқымы кеңейіп келе жатқан Фестиваль отандық жазушылар мен оқырмандардың, блогерлердің, қоғам қайраткерлерінің басын қосатын қаламыздың мәдени-ағартушылық іс-шарасына айналды.

Сіздерді «KITAP FEST 2018»-де не күтеді?

— Кітап алмасу. Кітап алмасу арқылы сіз өзіңіздің кітап тізіміңізді жаңарта аласыз. Бұнда кітап жанрларының түр-түрі болады.

— I BOOK YOU ұйымдастыратын кітап алмасу

— Жазушылар шатыры. Қазақстандық жазушылар өздерінің 2017-2018 жылдары жарық көрген кітаптарымен таныстырады.

— Блогерлер шатыры. Фестивальде сіздің танымал қоғам қайраткерлерімен, журналистермен, блогерлермен танысуға мүмкіндігіңіз бар. Ал олар өз кезегінде кітапқа қатысты көптеген қызықты әңгімелерді қозғайды.

Шақырылған қонақтар: Айсана Ашим, Марина Шарипова, Айна Досмахамбетқызы және т.б.

— Кітап жәрмеңкесі. Кітап дүкендері, баспалар және интернет-дүкендер өз тауарларын көрмеге қоятын болады.

— Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы.

Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысатын «BAURZHAN Foundation» қорының «KITAP FEST 2018» Фестивалін ұйымдастыру арқылы алға қойған мақсаты – адамдар арасында кітап оқу мәдениетін дамытып, отандық жазушылар мен оқырмандардың басын қосу.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *