БАЛАЛАР ЕВРОВИДЕНИЕСІ 2018: ФИНАЛИСТЕР АНЫҚТАЛДЫ

289

Бүгін Астана қаласында «Хабар» Агенттігі «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық байқауы Республикалық іріктеуінің финалистерін хабарлады.

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» өткен брифингте «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Алан Әжібаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев және Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Республикалық іріктеуден өткен қатысушылардың есімдерін атады.

Байқаудың финалистері:

1) Зере Әмірбекова — Алматы — 14 жас;

2) Динар Надирбекова — ШҚО — 13 жас;

3) Сүйкім Қабылбек — Астана — 12 жас;

4) Данэлия Тулешова — Алматы — 12 жас;

5) Ержан Максим — Орал — 11 жас;

6) Мария Затварницкая — Павлодар — 13 жас;

7) Мейіржан Жидебай — Ақтөбе — 12 жас4

8) Жанелья Қалдыбек — Астана — 12 жас;

9) Санат Асуат — Атырау — 13 жас;

10) Бинура Саудабай — Астана — 11 жас;

Финалистер Алматы қаласында өтетін гала-концертке дайындықты бастайды, аталмыш шара Қала күніне орай шаһар Әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Гала-концертті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал, көрермендер өздеріне ұнаған қатысушыға смс жолдау және телефон арқылы хабарласып дауыс бере алады. Сондай-ақ дауыс беруге әділқазылар алқасы да қатысады. Жеңімпаз халық дауысы және әділқазылардың ортақ шешімімен анықталады.

Гала-концертте финалистер бұған дейін еш жерде айтпаған әндерін орындайды. Сонымен қатар шарада отандық музыка саласының әртістері де өнер көрсетеді деп жоспарлануда.

Концерт аяқталған соң жеңімпаз 25 қараша күні Минск қаласында өтетін финалға дайындалады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *