Т. Әлімқұловтың 100 жылдығына орай «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Ақиқат» журналының шахмат турнирі өтті

1648

2018 жылдың 7 қыркүйегінде Тәкен Әлімқұловтың 100 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар Одағында «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Ақиқат» ұлттық, қоғамдық-саяси журналының журналистер арасындағы дәстүрлі шхмат турнирі өтті. Осымен бесінші рет  ұйымдастырылып отырған іс-шараға Астана, Алматы, Талдықорған қалаларынан келген журналистер қатысты.

            

Турнирге шахматтан спорт шебері, жекеменшік шахмат мектебінің басшысы Дәулет Иманберлинов төрелік етті. Сондай-ақ, Тәкен Әлімқұловтың отбасы ойынға демеушілік көрсетті. Шахмат турнирінің ашылу рәсімін «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары Ләззат Ноғайбаева құттықтау сөз сөйлеп ашты. ҚР Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, ақын Есенғали Раушанов, жазушының жары Есімкүл Болысбайқызы жиналған қауыммен Тәкен Әлімқұлов туралы жүрекжарды естеліктермен бөлісті.

Тартысты өткен шахмат сайысының қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған ойыншылар:

І орынға Нұрлан Құмар;

ІІ орынғаЗейнел Жекейұлы;

ІІІ орынғаТілек Абдрахимов ие болды.

Сондай-ақ, ынталандыру сыйлықтарға Данияр Сейсенбаев, Ғабит Қарабаев және ардагер қатысушы Тәжібай Жақаев лайық деп танылды. Наурызбай ауданы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Ернар Айдаров өз тарапынан турнирде белсенділік танытып, қатысқан жас журналистерге алғыс хаттар табыс етті. Шараға жиналған журналистер қауымы зейінділік пен жылдам ойлауға негізделген логикалық ойынның оларға жат емес екенін, ақ қағаз бен көк қалам ғана емес, шахмат тақтасы соғысының да белсенді жауынгерлері екенін дәлелдеді. Турнир соңында «Қазақ газеттері» серіктестігі төреші Дәулет Иманберлиновке, турнирдің дайындық жұмыстарына қолдау көрсеткені үшін Бейбіт Сарыбайға және Т.Әлімқұловтың үйіндегі жеңгей Есімкүл Болысбайқызына алғыс хаттар табыс етті.

Гауһар Түстікбаева,

«Қазақ газеттері» ЖШС




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *