Атырауда алғаш рет парадзюдодан Әлем кубогі өтуде

161

Қазақстандағы алғашқы Әлем кубогінде 200-ге жуық балуан белдесуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Кеше, 9 қыркүйек күні Атырау қаласында парадзюдодан әлем кубогының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және бір топ шет елден келген меймандар қатысты. Аймақ басшысы барша қатысушыларға сәттілік тілеп, тартысты да әділ жарыс көргісі келетінің жасырмады.
Әлем кубогының нәтижесі бойынша Токио 2020 Паралимпиадасына лицензиялық ұпайлар таратылатының ескерсек, бұл доданың маңыздылығы ерекше. Мұнайлы өлкедегі тартысқа әлемнің 20 елінен 200-ге жуық балуан жиналған. Олардың ішінде Паралимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары бар.
Жарыстың алғашқы күні Корея елінің спортшылары үшін табысты өтті. Олар 3 алтын және 2 қола медальмен көш басында келеді. Украина, Бразилия, Франция және Грузия елдерінде бір-бір алтын жүлдеден бар.
Қазақстан құрамасы әзірге 2 қола жүлде еншіледі. 60 келі салмақта Олжас Оразалыұлы мен 66 келіде Азамат Нокушев үздік үштіктен көрінді. Ал, атыраулық 3 балуан бүгін бақтарын сынайтын болады. Ақтық кезең бүгін 14:00-де «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *