Астана қаласының әкімі тағайындалды

324

Қаржы министрі  Бақыт Сұлтанов Астана қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы Астана қаласының әкімі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Бақыт Тұрлыханұлы 1971 жылы қарашаның 29 Алматы қаласында дүниеге келді. 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Робототехникалық кешендер және жүйелер» мамандығы бойынша үздік бітірді. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді. 1994-2002 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде басқару жұмыстарын атқаруда. 2010 жылғы 13 наурыздан — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.2012 жылғы 21 қаңтар — 2013 жылғы 6 қараша аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.2013 жылғы 6 қарашадан — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *